«БАУЫРЖАН
МОМЫШҰЛЫНЫҢ МҰРАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
қаз   рус

Қор туралы

  • Құрылтайшылар
  • Қамқоршылық кеңестің құрамы
  • Атқарушы дирекция
  •         Біз жас ұрпаққа батыр Бауыржанның кесек тұлғасын үлгі етіп, оның  өнегелі өмірін ұлттық патриоттық  тәрбиенің өзегі ретінде насихаттап отыруға тиіспіз. Тәуелсіздігімізді баянды етіп,  мемлекетімізді нығайту үшін де батыр мұрасының тағылымы ерекше мол екендігі сөзсіз.

                                                                                                                                                                                         Н.Ә. Назарбаев

     

               Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының бай рухани мұрасын және алып тұлғасын жан-жақты зерттеп, жастар арасына дәріптеу мақсатымен «Бауыржан Момышұлының мұрасы» атты Қоғамдық Қор құрылды. Қордың негізгі мақсаты: оның барлық шығармаларын жинақтап, жүйелеп, толық академиялық басылымын шығару. «Бауыржан Момышұлы» энциклопедиясын, өнегелі өмір (ЖЗЛ) сериясы бойынша арнайы кітап, басқа да жанрларда шығармалар жаздыру. Өз шығармаларының және ол туралы шыққан еңбектердің толық библиографиясын жасау, шығармаларын  шет ел тілдеріне аударуды қолға алу. Баукеңнің мұрасымен айналысып жүрген шығармашылық ұйымдарға, оқу орындарына және жеке тұлғаларға қамқорлық көрсетіп, оларға әдістемелік және материалдық көмек жасау. Арнайы журнал шығарып, ашылған сайтты және басқа да ақпараттық құралдарды кеңінен қолданып, асыл мұраны жүйелі түрде насихаттау. Жастарды патриоттық тәрбиелеу аясында «Бауыржантану» ілімін қалыптастырып, оны оқу орындарына барынша кеңірек енгізу. Алматы қаласында Бауыржан батырдың жеке мемориалдық музейін ашуға және оны толық жабдықтауға атсалысу. Ресей және басқа мемлекеттердің архивтерінде сақталған Бауыржан Момышұлы туралы құжаттарды жинастырып, жарыққа шығару.      

             Қордың міндеті – Бауыржандай алыбымызды ардақтай отырып, тек қана қара дүрсін сөзбен емес, Баукеңнің атын дәріптейтін игілі істермен, тиянақты тірліктермен, ізгі ниетті әрекеттермен ұлтымызға ұран болған ұлы тұлғамызды ұлықтай білу.

    Қордың мекен-жайы мен банктегі деректері:

    Алматы қаласы, 010100, Достық даңғылы, 13/Төле би көшесінің қиылысы. Тел. 8-727-291-23-21,  8-727-293-81-19.  Е-mail: momyshuly2015@mail.ru

    Банк реквизиттері

                Общественный фонд «Наследие Бауыржана Момышұлы», БИН -150440027075,  АО “Банк Центр Кредит” г. Алматы,  БИК KCJBKZKX,  ИИК- KZ528560000007154553, КБе- 18.

    Мекен-жайы: Алматы қ. Достык, 13
    e-mail: web_info@kaznpu.kz