«БАУЫРЖАН
МОМЫШҰЛЫНЫҢ МҰРАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
қаз   рус
Жаңалықтар
05-05-2016
Бауыржан Момышұлы кітабының тұсау кесері

2016 жылғы 4 мамыр, сағ. 11.00-де Ұлттық кітапхананың Көрмелер залында жеңіс күні – 9 мамыр мерекесіне орай  «Өнегелі өмір»  сериясымен  Бауыржан Момышұлы атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Ұйымдастырушылар: «Бауыржан Момышұлының мұрасы» қоғамдық қоры, Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.
          Былтыр батырдың туғанына 105 жыл толды. Осыған орай Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Өнегелі өмір» сериясымен арнаулы кітап шығарып отыр. Бұл кітап аталмыш сериямыздың ауқымын бұрынғыдан да кеңейтеріне кәмілміз. Ұсыныс «Бауыржан Момышұлының мұрасы» қоғамдық қорынан түскен болатын. Редакциялық кеңес ақылдаса келе бұл ұсынысты қолдауды жөн деп тапты.           
        «Өнегелі өмір» сериясымен шығарылып отырған бұл басылымның өзіндік басты ерекшелігі – негізінен тың деректер мен мазмұнға ие. Бұл кітапта Б.Момышұлының ғылыми айналымға енгізілген нақтылы өмірбаяны, мұрағат құжаттары, «Ұшқан ұя» ғұмырбаяндық романынан жас ұрпаққа тағылым боларлық шағын үзінді, алуан түсті таныс-бейтаныс фотосуреттер, ең бастысы бұрын жарияланбаған естеліктер мен жазбалар, Баукеңнің әр қырын ашатын эсселер мен мақалалар топтастырылып отыр.
          Өжеттік пен өткірлікті, қайсарлық пен жігерлілікті, ұлтжандылық пен елін сүюді, ерлік пен батырлықты бүгінгі жас ұрпақ «Өнегелі өмір» сериясымен шығып отырған «Бауыржан Момышұлы» кітабынан сезіне алатынына сенім зор.

Другие новости

Мекен-жайы: Алматы қ. Достык, 13
e-mail: web_info@kaznpu.kz